Ср, 24.05.2017 Астана уақыты:18:49

JCI Аккредиттеу

Joint Commission International  (JCI) – медициналық мекемелердегі пациенттердің қызмет көрсетудің сапасын және қауіпсіздікті арттырумен және дамытумен айналысатын халықаралық ұйым. JCI аккредитациясы медициналық қызметтің сапасын арттыруды қалайтын мекемелер үшін «алтын  стандарт» болып табылады.  Бұл салада JCI әлемдегі ең ірі және ертеден келе жатқан ұйым. 

JCI аккредитациясының болуы  өз елінен сыртқа жоғары сапалы медициналық қызметті іздеп шыққан медициналық туристер-пациенттердің сенім кепілі ретінде бағаланады. 

JCI артықшылығы 

JCI денсаулық сақтаудың сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы әлемдегі әйгілі көшбасшы. JCI назары денсаулық сақтауға, сапаны жақсартуға және жұқпалы аурулармен күрестегі пациенттердің қауіпсіздігіне аударылған. 

Бүгінгі таңда JCI әлемнің 39 елінде  300-ден астам мемлекеттік және жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеуден өткізді.  Аккредитация нысаны ретінде ауруханалар, амбулаторлық ұйымдар,  клиникалық зертханалар, оңалту орталықтары, медициналық көлік жөніндегі ұйымдар, БМСК, сондай-ақ жекелеген медициналық қызметтер бойынша сертификация болып табылады.  

JCI мақсаты әлемдегі медициналық ұйымдардың жұмысын халықаралық деңгейде келісілген стандарттардың және медициналық ұйымның қызметі туралы ақпаратты жинау, талдау және тиімді пайдалану арқасында үздіксіз жақсартуға ынталандыру. 

JCI және ҰМХ

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» 2011 жылғы қарашада осындай аккредитацияны алатын, Орта Азия аумағындағы алғашқы клиника болады деп жоспарланады. Халықаралық аккредиттеуге дайындық 2009 жылы басталған. Холдингтің қалған еншілес ұйымдары да одан әрі аккредиттеуден өтеді деп жоспарланады.

Холдинг клиникаларында осы халықаралық аккредиттеудің болуы, ауруханалардың емдеудің қауіпсіздігі мен сапаның жоғары стандартына бағытталғанына дәлел болады.  Бұл сөзсіз, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына өз елінен сыртқа шықпай-ақ жоғары сапалы медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай аккредитация халықаралық нарыққа шығуға және Қазақстандағы медициналық туризмнің дамуына септігін тигізеді.