Сн, 25.11.2017 Астана уақыты:15:38

Емханаларды аккредиттеу

Ауруханалар мен өзге де емдеу мекемелерін аккредиттеу мемлекеттің медициналық қызмет сапасы мен олардың талапқа сай болуына әсер ете алу қабілетін айқындайтын аса маңызды механизмдердің бірі болып табылады. Аккредиттеу - «ұйымның белгіленген нормативтерге қарым-қатынасы бойынша оның жұмыс істеу деңгейін нақты бағалау және қызмет сапасын үздіксіз жақсартудың жолдарын анықтау үшін пайдаланатын ұйымның сараптама бағасы». Осылайша, аккредиттеу қызметтің сапасы мен пациенттің қауіпсіздігіне қойылатын маңызды талап болып табылады. Тиісті аккредитациясы жоқ аурухана,  мемлекеттік тіркеуден бастап медициналық тәжірибе жасауға лицензиясымен аяқталатын барлық рұқсат беретін құжаттардың жинағы бола тұрса да, күдік туғызуы тиіс. 

Денсаулық сақтау мекемелерінің халықаралық аккредиттеуге ықыласының өсуі тұрғындардың
медициналық қызмет сапасына, сондай-ақ медициналық технологиялардың жаһандануы және медициналық қызметке сұраныстың артуына қоятын жоғары талаптарына негізделген. Көптеген дамыған елдерде азаматтар медициналық қызметтің сапасына, ауруханалардың жұмыс стандарттарына барлығы үлкен талаптар қойып отыр. Медициналық қызметті ұсынуды жаһандандыру үрдісіне байланысты сапамен қамтамасыз етумәселесі ерекше роль атқарады. Көптеген елдің азаматтары баға мен сапа қатысты олар күткен дәлме-дәл медициналық көмекті алу үшін шекарадан өтіп, басқа елдерге баратын болды.   

Медициналық мекемелерді аккредиттеуді белгілі бір елде штаб-квартирасы бар бірнеше халықаралы ұйымдар жүргізеді. «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ құрылған сәттен бастап Холдинг клиникаларына сапа мен қауіпсіздіктің бірыңғай стандарттарын ендірудің басым міндетін алға қояды. Медицина ұйымдарына арналған 200-ден астам стандарт бар, олардың әрқайсысының өз индикаторлары бар. Медициналық қызметтің сапасы мен пациенттер үшін негізгі шешімді жақсартуды көздейтін медициналық ұйымдар үшін Халықаралық Бірлескен Комиссияның аккредитациясы (Joint Commission International, JCI) «Алтын стандарт» болып табылады. 

JCI стандартын орындау – бұл белгілі бір талаптарды орындауды тұрақты еске салу, оқыту және бақылау үрдісі. Бұл стандарттардың көздегені – пациент. Бұл дегеніміз тиісінше күтім жасау, пациенттің  күтуде қанағаттандыру, жұмыс кезінде қателіктерді мүмкіндігінше кеміту, аурухана ішінде болатын төтенше жағдайлардың алдын алу. Тәуекелді азайтып, аурухана қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген жұмыс стандарттары енгізіледі және клиника қызметінің жалпы ұстанымдары белгіленеді. 

2009 жылдан бастап JCI стандарттары Холдингтің ең ірі клиникасы – Ана мен бала орталығында ендірілуде. Бұл орталық ТМД аумағында халықаралық аккредиттеуге дайындықты бірінші болып бастаған. JCI сарапшылары оқыту семинарларын, екі алдын ала аккредиттеуді өткізді, пайда болған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Бүгінгі таңда Холдингтің өзге де клиникаларында JCI стандарттары енгізілу үстінде. Алдымен «пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық мақсаттар» стандарт топтамасын енгізуден басталды.  (international patient safety goals). 

Халықаралық аккредиттеуге дайындық - мамандығы мен лауазымына қарамастан клиниканың
барлық қызметкерлерін жұмылдыруды талап ететін қиын жол. Бұл жол белгілі бір қаржылай шығынды, клиникаларды қайта ұйымдастыруды талап етеді. Ең бастысы - бұл стандарттар ескірген көзқарастың, тәжірибе мен қызметкерлердің болмысын өзгеруін талап етеді, бұл ұйымдастырушылар тарапынан стандарттарды оқыту, қайта оқыту және бейімдеу бойынша ұзақ әрі тынымсыз еңбекті талап етеді.