Жм, 24.03.2017 Астана уақыты:18:04

Жаңалықтар

16.12.2015 Құрметті отандастар!

Сіздерді жалпыхалықтық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

15.12.2015 Құрметті отандастар!
Сіздерді жалпыхалықтық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

11.12.2015 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықованың Ұлттық медициналық холдингке сапары

2015  жылдың  11 желтоқсанында  Қазақстан  Республикасының   Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен 2008 жылы құрылған Ұлттық медициналық холдингіне (бұдан әрі- Холдинг) келді.

10.12.2015 Ұлттық медициналық холдингте дәрігерлер ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Астанада  Ұлттық медициналық холдингтің еншілес ұйымдарында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

04.12.2015 ХАБАРЛАНДЫРУ
«University Medical Center» корпоративтік қоры  (бұдан әрі - «UMC» КҚ) бос лауазымдардың орнына конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау 2015 жылдың 4 мен 15 желтоқсаны аралығында жұмыс күндері сағат 9-00- ден 18- 00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады:
1) Астана қ., Сығанақ көшесі,  2   кабинет № 1D4
2) Астана қ., Тұран даңғылы, 32  кабинет №1028
3) Астана қ., Тұран даңғылы, 36  кабинет № 008

03.12.2015 Қазақстанда шала туған сәбилердің өмір сүру деңгейі 70%- ды құрайды

8 жыл бұрын Президенттің бастамасымен Астана қаласында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы («АБҰҒО» АҚ)  ашылды. Осы жылдар ішінде медициналық мекеме түрлі сырқаттар бойынша емдеудің заманауи әдістерін енгізудің есебінен жоғары нәтижелерге қол жеткізді.  Осымен қатар, медициналық қызметкерлер шала туған сәбилерді күту жөніндегі көрсеткіштерді жақсартуға  мүмкіндік алды. Дәрігерлердің  күш- жігерлерінің  арқасында  қауіпті  дене салмағы бар нәрестелердің  70%- ынан астамын аман алып қалуға мүмкіндік туды. Ана сүтін осындай сәби әр 2- 3 сағат сайын арнайы түтікше арқылы алады.  Өте төмен салмағы бар сәбилерді кувез деп аталатын арнайы инкубаторларға  орналастырады.  Дәрігерлер ондағы жағдай ана құрсағына барынша жақындатылған дейді.

02.12.2015 "Гепатоцеллюлярлы карциноманың диагностикасы және емдеудің заманауи әдістері" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

Қазіргі таңда бауыр ауруымен ауыратын пациенттердің 1/3 (үштен бір бөлігінде) гепатоцеллюлярлы карциноманың дамуы  байқалады, нәтижесінде пациенттердің көпшілігіне   гепатоцеллюлярлы карцинома диагнозы  аурудың  ең соңғы сатысында  белігіленеді.
Осындай мақсатпен, осы пациенттердің   сырқатын ерте анықтауды жақсарту  және  өмір ұзақтығын арттыру үшін гепатоцеллюлярлы карциномамен ауыратын пациенттерді диагностика және емдеудің  заманауи стандарттарымен таныстыру шеңберінде  2015 жылғы  27 қарашада  Bayer компаниясының қолдауымен «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ базасында   «Гепатоцеллюлярлы карциноманың диагностикасы және емдеудің заманауи әдістері» тақырыбына   дөңгелек үстел өткізілді.

30.11.2015 Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне орай Ұлттық медициналық холдинг компаниялар тобының жетістіктері

Біздің елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін тойлау Тәуелсіздіктің құндылығын, қазақстандық патриотизм, елдегі болып жатқан оқиғалардан сырт қалмау және Қазақстанның тағдыры үшін жауапкершілік сезімдерін нығайтудың айналасында халықты рухани жағынан біріктіруге ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ компаниялар тобының жоғары кәсіби ұжымы өздерінің күнделікті еңбектерімен, әрі  жетістіктерімен еліміздің Тұңғыш Президенті бастамаларын жүзеге асыруда кәсіби және азаматтық тұрғыда белсенді араласа отыра қолдайды.

17.11.2015 Абылай Мырзахметов обырмен ауыратын балаларға көмегін береді

Қазақстандағы балалар онкологиясын емдеудің  өріс алуына «Атамекен» КҰП  Басқармасы төрағасының жеке қосқан үлесі туралы Германиядан келген профессор әңгімеледі.
«Обыр дерті – үкім емес» атты бұрын Atameken.info ресми сұхбатында «Шаритэ» неміс университеті медициналық кешенінің профессоры Гюнтер Хенце «Атамекен» Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы Басқармасы төрағасының бастамасымен Қазақстанға келгендігін атап өткен болатын.

02.11.2015 Астана қаласындаға травматология және ортопедия ҰЗИ әріптестерімен бірге өткен кездесу

Республикада органдар және трансплантация донорлығын дамыту шеңберінде «ҰҒКО» АҚ ЖФСЖ бөлімімімен 2015 жылдым 29 қазан күні «Републикалық трансплантация бойынша үйлестіру орталығымен» бірге Астана қаласының «Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институты» негізінде ақпараттық семинар-кеңес ұйымдастырылып, өткізілді.