Сн, 25.11.2017 Астана уақыты:15:41

Медицина қызметкерлеріне

«Назарбаев Университетінің» Медицина мектебі

Назарбаев Университетіндегі Медицина мектебінің (НУММ) мақсаты ғылыми- зерттеу жұмысы дағдыларын меңгерген, адамның сапалы өмір сүруін арттыруға қабілетті, медициналық ғылымдарды терең түсіне білетін, әрі Қазақстан Республикасындағы медицина ғылымы мен медицинаның дамуына маңызды үлес қосуға әзір жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Дайындалатын мамандар төмендегі қасиеттерге ие болады:
Клиникалық пәндердің бірегей білімін меңгерген, ғылыми және клиникалық мәселелерді шеше алатын, ғылыми білімді түсініп, оны клиникалық жағдайда қолдана алуға қабілетті жоғары үлгідегі клиницист- ғалымдар;
Ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай отыра, клиникалық, әрі ғылыми мәселелерді шешу үшін қолдағы бар барлық ресурстарын дұрыс пайдалана алатын, білуге құмар, әрі шығармашылық қабілеттегі тұлғалар;
Білімдегі, инновациялық технологиялардағы, аурудың алдын- алудағы, диагностикалаудағы және емдеудің жаңа тәсілдеріндегі қажеттіліктерін анықтай отыра, оларды тәжірибелік медицинаға енгізуге қабілетті өмір бойы ізденістегі жандар;
Жалпы алғанда пациент, отбасы және қоғамға қатысты әлеуметтік, психологиялық, әрі экономикалық мәселелерді түсіне алатын дәрігерлер;
Медицинаға берілген және Қазақстандағы денсаулық сақтауды жақсартуға қабілеті бар, әрі биомедицинаның, білімнің және ғылымның түрлі салаларындағы жетекші орындарды иеленген болашақ көшбасылар;
Назарбаев Университетіндегі Медицина мектептің міндеті әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары білікті дәрігерлерді әзірлейтін жаңа медициналық мектептің моделін құру болып саналады, әрі Қазақстанның басқа медициналық білім беру орталықтарына сол модельдің трансферті ең алдымен, даярланған кадрлардың сапасын елеулі арттырады және осының нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығы жақсара түседі. 
Мектеп болашақта, Қазақстан Республикасының, Орталық Азия және одан шеткері елдер тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту, әрі аман сау болулары үшін, медициналық білім беру салаларында, биомедициналық зерттеулерде және пациенттерге күтім жасауда жоғары дәрежедегі орталықты құру болып саналады. Назарбаев Университетіндегі Медицина мектебі еліміздің барлық медициналық мекемелері үшін клиникалық қызметтің барлық деңгейлері ұсынылатын , әрі денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінде үздік халықаралық тәжірибенің трансфертін қамтамасыз ететіндей үлгіде болуы тиіс. Осыған байланысты Холдинг алдына, төмендегі басым салалар бойынша жоғары технологиялық қызметтердің толық жинақтамасын құру мақсатын қойды: сәби шақтағы медицина, қауіп- қатерсіз ана атану, онкология, кардиология мен кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантация мен оңалту.