Сн, 25.11.2017 Астана уақыты:15:38

Медбикелер мектебі

«Мейіргерлер мектебі» -

Бүгінде орта буын мамандарын оқыту әрқашан өзекті болып қалып отыр. Денсаулық сақтау ұйымдарында заманауи медициналық жабдықтар сатып алынуда, жаңа технологиялар енгізілуде. Мейіргерлерге, фельдшерлерге, акушерлерге, зертханашыларға медициналық білім беру мекемелерінен алған білімдерін үнемі жетілдіріп тұрулары тиіс. Мейіргерлік көмектің жоғарғы кәсіби деңгейі, олардың  біліктіліктерін тек үздіксіз көтеру кезінде ғана тиімді. 

Холдингтің барлық еншілес ұйымдарының орта және кіші медициналық қызметкерлері үшін білім беру үдерістерін қайта ұйымдастыру және арттыру, сонымен қатар ҚР-да медициналық кадрлардың үздіксіз білім алу жүйесін бұдан әрі дамыту мақсатымен 2011 жылы «Орта кәсіби білімді орта медициналық қызметкерге үздіксіз кәсіби білім беру мектебі» ашылды.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін оқытудың бірнеше түрлеріне есептелген  циклдер бағдарламасы әзірленді:

1. Негізгі қызметтен қол үзбей біліктілігін көтеру;

2. Жұмыстан толықтай қол үзіп біліктілігін көтеру;

3. Жұмыс орнындағы тағылымдама.

4. Көшпелі циклдер.

Мектептің ашылу сәтінен бастап 1946 тыңдаушы өзінің біліктіліктерін көтерді: «АБҰҒО» АҚ –ның 595 медициналық қызметкері, Холдингтің еншілес ұйымдарының 385 тыңдаушысы және 966 тыңдаушы Қазақстанның басқа емдеу мекемелерінен.

Тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінің өтінімдері бойынша басқа клиникалардың базасында көшпелі семинарлар өткізіліп тұрады. Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: педиатрия мен акушерліктегі өзекті мәселелер, мейіргер ісінің негіздері, хирургиялық ауруларды және жарақаттық  зақымдануды емдеу кезіндегі мейіргерлік технологиялар мен неонатологиялар, онкологиялық науқастарды күту ерекшеліктері және т.б.

Бағдарлама денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздерінен, ҚР-дағы мейіргерлер жұмысын реттейтін  нормативті- құқықтық актілер туралы ақпараттан, емдеу- профилактикалық мекемелердің санитариялық- зарарсыздандыру тәртібі, АІЖ-ге жол бермеу жолдары, АИТВ/ЖИТС –тің алдын алудағы мейіргерлердің орны және циклдердің мамандандыру мәселелерінен тұрады.