Жк, 11.06.2017 Астана уақыты:04:52

Медицина қызметкерлеріне

Резидентура-
Холдинг өңірлердегі жас мамандарды- болашақ дәрігерлерді мына бағдарламалар бойынша Холдингтің еншілес ұйымдарындағы  резидентураларда оқыту арқылы даярлауға көп көңіл бөліп отыр: кардиохирургия, оның ішінде балалар кардиохирургиясы, сәулелі диагностика, акушерлік және гинекология, педиатрия, балалар хирургиясы, медициналық генетика, онкология, неврология, неонатология, нейрохирургия, ангиохирургия, оның ішінде балалар ангиохирургиясы, анестезиология мен реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы, гематология, оның ішінде балалар гематологиясы, кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы, жалпы хирургия, травматология- ортопедия, оның ішінде балалар травматологиясы- ортопедиясы. Әр жыл сайын 130- дан аса резидент бітіріп шығады.
Резиденттер барлық білім алу шараларына қатысу мүмкіндігіне ие, әрі шетелдік мамандардан жаңа, әрі инновациялық технологияларды үйренеді.