Жм, 24.03.2017 Астана уақыты:18:05

Медицина қызметкерлеріне

«Білім беру қызметі»-
Өзінің дәрігерлері мен мейіргерлерінің, сондай-ақ басқарушы қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру саласында, Холдинг әлемнің төмендегі жетекші клиникаларымен қарым- қатынас орнатқан:
1. Duke University, АҚШ
2. University of Pittsburgh Medical Center, АҚШ
3. Acibadem Hospitals Group, Түркия
4. Baskent University, Түркия
5. University College London, Англия
6. Great Ormond Street Hospital NHS, Англия
7. University of Cambridge, Англия
8. Seoul National University Hospital, Оңтүстік Корея
9. Lausanne Hospitality Consulting, Швейцария
Біліктіліктерін көтеру шетелде 1- 2 айлық білім алу курстары сияқты оқытудың түрлері, Холдингте жұмыс істеу үшін Холдинг клиникаларына жетекші шетелдік мамандарды қатыстыру, сондай-ақ шетелдік мамандардың шеберлік сыныптарын өткізу арқылы жүзеге асырылады. 
Холдинг және оның клиникаларының менеджерлеріне арналған шетелдегі білім алу курстары ауруханалық басқарудың өзекті бағыттары бойынша басқарушылық міндеттерді шешу мақсатымен жүргізіледі: денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқару, тиімді басқарудың және денсаулық сақтауда инвестицияларды тартудың халықаралық қағидаттары, ауруханалық басқаруда бизнес- үдерістерді икемдеу (Six sigma), стратегиялық менеджмент- теңдестірілген көрсеткіштердің жүйесі, параклиникалық қызметтерді орталықтандыру және басқару. 2012- 2014 жылдар ішінде 90-нан аса менеджер оқытылды.

Холдинг жұмысы үшін Холдинг клиникаларының медициналық кадрларының кәсіби деңгейлерін арттыру және «тәлімгерлік» институттарын енгізу мақсатымен тұрақты түрде Холдинг клиникаларына жетекші шетелдік мамандарды тарту жүргізіліп келеді. 2012- 2014 жылдар ішінде Холдинг клиникаларына тәлімгер ретінде әлемнің мына жетекші клиникаларындағы директор, директордың орынбасарлары, басшылар және бөлім меңгерушілері лауазымындағы 320-дан аса мамандар тартылды: 
Кембридж Университеті (Ұлыбритания), Грейт Ормонд Стрит Госпиталы (Ұлыбритания), Питтсбург Университетінің Медициналық орталығы (АҚШ), «Шарите» Университет клиникасы (Германия), Маастрих Университеттік Медициналық орталығы (Нидерланды), Женева Университеті (Швейцария), Грац Университеттік клиникасы (Австрия), Денсаулық Ғылымдарының Литвалық Университеті(Литва) және т.б.
Холдинг клиникаларына жетекші шетелдік мамандарды тарту кезіндегі шоғырландыру медициналық көмектің, ғылым мен академиялық медициналық білімнің синергиясына жинақталған.
Білім беру шеберлік сыныптары клиникалық бағыттар бойынша жетекші шетелдік мамандардың келуін көздейді. Аталған шеберлік сыныптарына міндетті түрде Қазақстан өңірлерінен мамандар қатысады. Сонымен қатар, жүргізілетін шеберлік сыныптар аясында шетелде емделуге өзінің кезегін күтіп отырған балалардың көпшілігі емделіп шығады және оларға ота жасалынады.
Осылайша, 2011- 2014 жылдары Холдинг клиникаларының базасында Германияның, Австрияның, Израильдің, АҚШ- тың, Кореяның, Қытайдың, Бельгияның, Түркияның, Египеттің шетелдік оқытушыларының қатысуымен 65 бірегей шеберлік сыныптары өткізілді, әрі 200- ден аса маман оқытылды.