Сс, 25.04.2017 Астана уақыты:04:37

Даму стратегиясы

«Ұлттық медициналық холдинг» (бұдан кейін -
Холдинг) акционерлік қоғамының 2013-2020 жылдарға даму стратегиясы міндетті, пайымды, қағидаттар мен стратегиялық мақсаттарды, «Назарбаев Университеті» (бұдан кейін – Назарбаев Университеті) автономиялы білім беру ұйымы денсаулық сақтау интеграциялық академиялық жүйесінің құрамында Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының (бұдан кейін - Орталықтар) тиімді де серпіңді дамуын қамтамасыз етудегі Холдингтің рөлін белгілейді.

Міндеті:

Алдыңғы қатарлы медициналық ғылымның, тиімді медициналық білімнің жетістіктерін және дәлелді медицина қағидаттарын қолданып, халықтың денсаулығын жақсарту

Пайымы:

Назарбаев Университетінің медициналық орталығы – Қазақстан Республикасында бәсекелі ортада нәтижелі түрде қызмет ететін клиникалық, ғылыми және білім тәжірибесі синергиясының негізінде медициналық көмектің барлық түрлерін ұсынатын денсаулық сақтаудың алдыңғы қатарлы үлгісі болу.

Қызмет қағидаттары:

Холдингтің қызмет қағидаттары (бұдан кейін - Қағидаттар) Холдингтің Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудың алдыңғы қатарлы үлгісі болып қалыптасуының ажырамас бөлігі болады. Қағидаттар халықтың денсаулығын жақсарту бойынша Холдинг пен Орталықтардың Міндетін қолдауда берік негіз болады.

Холдинг пен оның Орталықтарының денсаулық сақтаудың алдыңғы қатарлы үлгісіне трансформациялануындағы Қағидаттардың маңызды рөлімен байланысты Орталықтардың күнделікті қызметінде Қағидаттарды қолдау және оларды ұстану үшін басшылық тікелей жауапкершілік тартады. Холдинг пен Орталықтардың басшылығы бір мезгілде Қағидаттармен байланысты құндылықтардың иесі ретінде Холдинг пен Орталықтардың барлық қызметкерлеріне еліктеу үшін үлгі болады.

      Жоғары сапа және Көшбасшылық қызметті жүзеге асыру барысында ең жоғары сапаға қол жеткізуге және денсаулық сақтау саласында алдыңғы қатарлы стандарттарды ұстануға талпынуды көрсетеді.

      Тілектестік және Құрмет пациенттер мен олардың отбасыларының табиғи, эмоционалдық, психологиялық жай-күйіне тілектестік пен құрметін білдіруді көрсетеді.

      Жаңартпалар және Креативтілік қызметтің барлық аспектілерінде жаңа серпінді секіріс идеяларын туғызып, қолдануға ашықтықты, сондай-ақ кадрлардың зияткерлік потенциалын барынша ашу үшін жағдайлар жасауды көрсетеді.

      Жауапкершілік және Сенімділік халықтың, қызметкерлердің, мемлекеттің, жалғыз акционердің үміттерін жүзеге асыруға және тұрақты дамуға бағытталады.

      Адалдық және айқындық мүдделі тараптар мен тұлғалардың алдындағы ашықтық және объективтік есеп берушілік саясатын көрсетеді.

      Реттелгендік және Ынтымақтастық бірыңғай мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде қызметтің барлық компоненттері мен үдерістерінің синергиясын көрсетеді.

Стратегиялық мақсаттар:

1 мақсат. Медициналық көмек сапасының тұрақты жоғары деңгейі.

2 мақсат. Қазақстанның денсаулық сақтауына алдыңғы қатардағы технологиялардағы трансферттің аса тиімді жүйесін құру және дамыту.

3 мақсат. Орталықтардың қызметін басқару жүйесін жетілдіру.

4 мақсат. Назарбаев Университеті құрамындағы алдыңғы қатарлы ғылыми-инновациялық жүйені қалыптастыру.

5 мақсат. Назарбаев Университеті құрамындағы денсаулық сақтаудың жаңа білім жүйесін құру және дамыту.