Сн, 25.11.2017 Астана уақыты:15:40

Біздің тарихымыз

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды.

Ұлттық медициналық холдинг Астана қаласының медициналық кластері аумағында орналасқан 6 инновациялық денсаулық сақтау нысандарын – бұл Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми оратлығы және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығын біріктіріп отыр.

Мақсат

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ негізгі мақсаты халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті «Болашақ госпиталін» құру. Госпиталь Қазақстан азаматтарына, алыс-жақын шетелдің тұрғындарына ең үздік заманауи медициналық технологияға негізделген медициналық қызметтің сан алуан түрін ұсынады. Мұндай аурухана менеджментінің заманауи үлгісі, қауіпсіздік пен сапаның халықаралық стандарты болмақ. Нақты айтқанда, жедел жәрдем, амбулаторлық-диагностикалық қызмет, акушерия пен гинекология, неонаталды көмек, ішкі аурулар, нейро және кардиохирургия, реабилитациялық емдеу қарастырылған.

«Болашақ госпиталін» құру жобасының шеңберінде холдинг клиникаларының базасында, клиникалық және басқару үрдістерін, ақпараттық технологияның бірыңғай жүйесін, лабораториялық және өзге де көмекші қызметтерді, медициналық білім беру мен қолданбалы ғылымды дамыту арқылы жоғары технологиялық қызметтердің толық циклын құру жоспарланып отыр. «Болашақ госпиталін» құру транспарентті бизнес-бағдарлы ауруханалық менеджментті енгізуді қарастырады.

Ұлттық медициналық холдингтің тағы бір басты міндеті медициналық көмектің пациент-бағдарлы ұстанымды енгізу болып табылады. Бұл жоғары этикалық стандарттарды және халықаралық клиникалық хаттамалар мен технологиялар бойынша жұмыс жасайтын, дәлелді жоғары білікті кадрларды дайындауды қажет етеді.

«Болашақ госпиталі» жобасын жүзеге асырудың басты шарты, дамыған елдердің медициналық ұйымдары үшін «алтын стандарт» болып есептелетін JCI халықаралық аккредиттеу комиссиясы. Ол қатерді азайтып, үнемі сапаны арттыруға мүмкіндік беретін халықаралық ресурсқа қолжетімділік қамтамасыз етеді. JCI аккредитациясы медициналық қызметкерлер мен мекеме үшін ғана емес, емделушілер үшін де жақсы. Медицина қызметкерлерінің тарапынан жіберілетін қателіктерді азайту, пациенттердің құқығын қорғау және медициналық ақпаратты құпиялылығын сақтау, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің ауруханалық қауіпсіздігінің деңгейін көтеру басты мақсат.

Пациенттердің электронды жазбасы мен сандық мұрағаттау деректері бар Бірыңғай госпитальдық ақпараттық жүйені ендірмей «Болашақ госпиталін» құру мүмкін емес. Мұның барлығы 21 ғасырдың ауруханалық басқарудың аса бір перспективалық бағыттарының бірі «қағазсыз аурухана» ұғымына келіп саяды.