Жм, 24.03.2017 Астана уақыты:16:09

Корпоративтік басқару

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-да посткеңестік кеңістікте алғаш рет ауруханалық басқарудағы корпоративтік басқару ұстанымы енгізілген, Корпоративтік құрылымның әртүрлі компоненттері – акционердің, Директорлар кеңесінің, Басқарма мен басқару аппаратының арасындағы құқықтар мен міндеттер бөліп берілген. Ауруханалық басқарудың корпоративті жүйесі Холдингтің медициналық, операциялық және қаржылық қызметін нақты ажыратып береді. Мұндай тәсіл шешімді қабылдауда алқалылықпен және ашықтықпен қамтамасыз етеді.

Холдинг құптайтын корпоративті басқарудың тиісті тәртібі, Холдинг клиникалары өз капиталын тиімді пайдалануына мүмкіндік береді, клиниканың оөзінің, сонымен қатар оның акционерінің басқару органдарының есеп беруін қамтамасыз етеді. Ауруханаларды басқаруда бұл тәсіл Холдинг клиникаларының қоғам игілігі үшін қызмет етуіне қол жеткізуге, Холдингтің бюджеттік қаржыландыруға альтернатива ретінде қарастыратын ұзақ мерзімді капиталды тарту мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін инвесторлардың сенімін ақтауға мүмкіндік береді (шетелдік те, отандық та).

Ұлттық медициналық холдингтің клиникаларда корпоративті басқаруды құру моделі корпоративті басқарудың жалпыға танымал халықаралық принципін енгізу және бейімдеу арқылы акционер - «Назарбаев Университеті»тарапының мүддесін қамтамасыз етуді қарастырады. Олар мыналар:

· акционердің құқын қорғауды қамтамасыз ету, корпоративті басқару жүйесін мүдделердің қайшылығы туындаған кезде реттеп, шешудің негізгі тәсілі ретінде пайдалану;

· заңнамамен белгіленген мүдделі тұлғалардың құқығын сақтауды қамтамасыз ету және Холдингтің дамуына корпоративті басқарудың барлық субъектілердің тартылуын құптау;

· Холдинг пен оның клиникаларының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, қаржылық-шаруашылық қызметтің барлық мәселесі бойынша ақпаратты толықтай және дер кезінде жариялау;

· Басқарушылардың өз міндетін тиімді атқаруына барлық жағдай жасау, сондай-ақ, басқару органдарының Холдинг пен акционер алдында есеп беруін қамтамасыз ету;

Корпоративті басқарудың құрамдас жүйесінің бірі – HR-менеджмент болып табылады. Холдингтің Кадр саясатына сәйкес, қызметкерлер құрамын тиімді басқаруға үлкен мән беріледі, кадр потенциалын дамытып әрі күшейтуге, белгіленген стратегиялық мақсат-мәндеттерге жету үшін, нарықтың құбылмалы талабына бейімделе алатын, ауызбіршілігі мықты әрі еңбекқор ұжымды қалыптастыруға назар аударылады.

Холдинг және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуынының негізгі принциптері біліктілікті үзіліссіз және жүйелі түрде арттыру, оқу бағдарламасының инновациялық бағыты, ұйымды стратегиялық даму жоспарына оқы бағдарламасының толық сәйкестігі, біліктілікті арттыру курстарының жұмыс орнына мүмкіндігінше жақын орналасуы (мамандардың негізгі жұмысына кедергі келтірмеу үшін), әрбір қызметкердің жыл көлемінде өткізілетін біліктілікті арттыру бойынша іс-шаралардың белгіленген көлемде қатысуын міндеттейтін біліктілікті арттырудың жинақтаушы жүйесі, тәлімгерлік институтын кеңінен ендіру болып табылады.