Дс, 16.07.2018 Астана уақыты:15:43

Схема трансформации АО "НМХ"


Хабарландыру

04.04.2018

010000, Астана қ., Керей Жанибек хандары к., 5/1 үй, 602 офис мекенжайымен тіркелген «Ұлттық медициналық холдинг» ЖШС Жалғыз қатысушысының 2018 жылғы 20 наурыздағы №20.03.18 шешімі негізінде Жарғылық капиталынын азайтылғандығы туралы хабарлайды. Кредиторлардың талаптары осы хабарлама жарияланған күннен бастап бір ай ішінде Астана қаласы, Керей Жнибек хандары көшесі, 5/1 үй, 602 офис мекен жайы бойынша қабылданады.



Хабарландыру

28.02.2018

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ- ны қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған «Ұлттық медициналық холдинг» ЖШС «Астана қаласы Әділет департаментінің Есіл аудандық Әділет басқармасы» ММ- де 2018 жылғы 26 ақпанда мемлекеттік тіркелгендігі туралы хабарлайды. «Ұлттық медициналық холдинг» ЖШС- ның тіркелінген мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 5/1, 602- кеңсе.



Хабарландыру

06.02.2018

01000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайымен тіркелген «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» ЖШС - ның Жалғыз қатысушысының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 06.02.18 шешімімен «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ- ны қайта құру жолымен құрылған «Ұлттық медициналық холдинг» ЖШС- ның Жарғысын, оның Қадағалаушы кеңесі туралы қағидасын бекіту, Қадағалаушы кеңесі мен Атқарушы органының құрамын сайлау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды.



Хабарландыру

06.02.2018

01000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайымен тіркелген «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, Жалғыз акционердің 2018 жылы 6 ақпандағы № 06.02.18 шешімімен Жалғыз акционердің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 14.11.17 шешімімен қабылданған «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ – ны «Ұлттық медициналық холдинг» ЖШС – ға қайта ұйымдастыру жолымен қайта құру туралы» шешімінің негізінде тапсыру актісін бекіту туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды.



Хабарландыру

28.12.2017

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ БСН 080640004622, тіркелген мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 53 үй, эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген жай акциялардың шығарылымы 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 5664 акциялар шығарымын жою туралы куәлігіне сәйкес 2018 жылғы 4 қаңтардан бастап жойылды деп танылғандығын хабарлайды.



Хабарландыру

14.11.2017

01000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайымен тіркелген «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі ─ «ҰМХ» АҚ) Жалғыз акционердің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 14.11.17 шешімімен барлық құқықтар мен міндеттер бойынша мұрагерлік шарттарында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ – ны «Ұлттық медициналық холдинг» ЖШС – ға қайта ұйымдастыру жолымен қайта құру туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды. Барлық наразылықтарды «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 48- бабымен көзделген сәттен бастап 2 (екі) ай ішінде Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 5/1, 602- кеңсе мекенжайы бойынша жазбаша түрде қабылдайтынын хабарлаймыз.



Хабарландыру


25.10.2017


«Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ БСН 061140007509, «Астана қаласы Әділет департментінің Есіл ауданы бойынша Әділет басқармасы» МҰ-ның 2017 жылғы 25 қазандағы №2433 бұйрығына сәйкес АҚ «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-на қосылу жолымен «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» қызметі тоқтатылғандығы туралы хабарлайды.


Хабарландыру


13.10.2017


«Республикалық балаларады оңалту орталығы» АҚ БСН 070940002605, «Астана қаласы Әділет департментінің Есіл ауданы бойынша Әділет басқармасы» МҰ-ның 2017 жылғы 13 қазандағы №2313 бұйрығына сәйкес АҚ «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-на қосылу жолымен «Республикалық балалрады оңалту орталығы» қызметі тоқтатылғандығы туралы хабарлайды.


Хабарландыру


12.09.2017


«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ БСН 080540016923, «Астана қаласы Әділет департментінің Есіл ауданы бойынша Әділет басқармасы» МҰ-ның 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №2038 бұйрығына сәйкес АҚ «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-на қосылу жолымен «Республикалық диагностикалық орталық» қызметі тоқтатылғандығы туралы хабарлайды.



Хабарландыру


06.09.2017

«Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ БСН 061140007509, тіркелген мекенжайы: Астана қ., Тұран даңғ., 32, эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген жай акциялардың шығарылымы 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 5495 акциялар шығарымын жою туралы куәлігіне сәйкес 2017 жылғы 13 қыркүйектен бастап жойылды деп танылғандығын хабарлайды.


Хабарландыру


29.08.2017

«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ БСН 080540016923, тіркелген мекенжайы: Астана қ., Сығанақ к., 2 үй, эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген жай акциялардың шығарылымы 2017 жылғы 29 тамыздағы № 5723 акциялар шығарымын жою туралы куәлігіне сәйкес 2017 жылғы 5 қыркүйектен бастап жойылды деп танылғандығын хабарлайды.


Хабарландыру


14.08.2017

«Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ БСН 070940002605, тіркелген мекенжайы: Астана қ., Тұран даңғ., 36, эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген жай акциялардың шығарылымы 2017 жылғы 14 тамыздағы № 5675 акциялар шығарымын жою туралы куәлігіне сәйкес 2017 жылғы 22 тамыздан бастап жойылды деп танылғандығын хабарлайды.



Хабарландыру


30.06.2017

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ және «Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ- мен 2017 жылғы 29 маусымда ірі мәміле жасалғандығы туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды.



Хабарлама


02.06.2017

«Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ (БСН 080540016923), «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ (БСН 070940002605), «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ (БСН 061140007509) акция пакеттерінің 100 % иегері саналатын «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 48- бабы 1 -тармақшасына және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 83- бабы 5- тармақшасын басшылыққа ала отыра, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ, «Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ акционерлерінің 2017 жылғы 28 наурыздағы бірлескен жалпы отырысында қабылданған және «Казахстанская правда» газетінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 басылымында жарияланған «Барлық құқықтар мен міндеттер бойынша құқықтық мирасқорлық шарттармен қайта құру туралы» шешімнің негізінде 2017 жылғы 30 мамырда табыстау актісі бекітілгендігін хабарлайды.

 Барлық шағымдарды жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 48- бабымен белгілеген сәтінен бастап, 2 (екі) ай ішінде Астана қ., Керей, Жәнібек хандар к. 3, Б блогі, 4 -қабат мекенжайы бойынша «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының қабылдайтындығын хабарлаймыз.



Хабарлама

01.06.2017

010000, Астана қ., Қабанбай батыр д., 53 мекенжайымен тіркелген «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (әрі қарай ─ «ҰМХ» АҚ) хабарлайды, «ҰМХ» АҚ және «Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ, «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ акционерлерінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 30.05.17 бірлескен жалпы отырысының шешімімен «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ және
1. «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ;
2. «Республикалық балаларды оңалту орталығы»;
3. «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы».
арасындағы қосылу шарттары мен тапсыру актілері бекітілгендігін хабарлайды.



«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ- ның хабарландыруы


29.03.2017

0 01000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайымен тіркелген «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі ─ «ҰМХ» АҚ) «ҰМХ» АҚ және «Республикалық диагностикалық ортаталығы» АҚ (бұдан әрі ─ «РДО» АҚ), «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ (бұдан әрі ─ «РБОО» АҚ), «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ (бұдан әрі ─ «ҰАБҒО» АҚ) акционерлерінің жалпы жиналысының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 28.03.17 шешімімен 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайымен тіркелген «ҰМХ» АҚ, 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 2 мекенжайымен тіркелген «РДО» АҚ, 010000, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 36 мекенжайымен тіркелген «РБОО» АҚ, 010000, Астана қаласы, Тұран даңғылы 32 мекенжайымен тіркелген «ҰАБҒО» АҚ барлық құқықтар мен міндеттер бойынша мұрагерлік шарттарында «ҰМХ» АҚ-ға қосылу арқылы «ҰМХ» АҚ-ны қайта құру шешім қабылданғанын хабарлайды.



«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ компания топтары құрылымындағы өзгерістер туралы мәлімдейміз


26.06.2016

- «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің 2015 жылғы 20 қыйкүйектегі № 20 шешімімен қызметінің басты мақсаты- білім беру, ғылым және клиникалық тәжірибені біріктіру арқылы қоғамның денсаулығын жақсарту болып табылатын коммерциялық емес ұйым «University Medical Center» корпоративтік қоры құрылды. Корпоративтік қордың басты мақсатын жүзеге асыру үшін, «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының Ұлттық ғылымы ана мен бала орталығы, Республикалық баларды оңалту орталығы және Республикалық диагностикалық орталығы клиникаларының қызметі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «University Medical Center» корпоративтік қорының сәйкесінше филиалдарына табысталған (интернет ресурс: http://umc.org.kz/).

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен «Республикалық нейрохирургия орталығы» АҚ акциялары республикалық меншікке берілді.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ акциялары республикалық меншікке берілді.

- «Назарбаев Университеті» ДББҰ Басқарушы кеңесінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 23.12.16 шешімімен «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ акциялары «University Medical Center» корпоративтік қорына берілді.

- «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 1 шешімімен «Innovation Medical Engineering Center» ЖШС- ға қатысу үлесінің 100%- ы «Nazarbayev University Rezearch and Innovation System» ЖМ- ге берілді.

- «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ компаниялар тобының қайта құрылуы «Республикалық диагностика орталығы» АҚ- ны, «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ –ны және «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ-на «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ – ға қосылу арқылы аяқтау жоспарланған, оның акциялары «University Medical Center» корпоративтік қорына беріледі.

Жаңалықтар